Сынып сағаты барысында оқушылар өз отбасылары туралы ой бөлісіп, отбасының адам өміріндегі маңызы туралы пікірлерін білдірді. Оқушылар ата-аналарына деген сүйіспеншіліктерін айтып, отбасындағы татулық, сыйластық, қамқорлық пен өзара қолдаудың маңыздылығы туралы әңгімелесті.
Әр оқушы өз отбасының ерекше екенін атап өтіп, отбасы мүшелерінің бір-біріне әрдайым қолдау көрсететінін айтты.
Сынып сағаты барысында оқушылардың отбасы құндылықтары туралы түсініктері кеңейтіліп, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, ата-ананы сыйлау және бір-біріне мейірімді болудың маңыздылығы түсіндірілді.
Отбасы – береке мен бірліктің мекені. Әр баланың жүрегінде отбасының орны ерекше. Себебі отбасы – біздің ең үлкен бақытымыз, қуанышымыз және өмірдегі мықты тірегіміз!
Сынып жетекшісі: Хавалхах К.
