Іс-шара барысында оқушылар өз отбасыларының сүйікті сәттерін бейнелейтін фотосуреттерін ұсынып, отбасы мүшелері туралы жылы ойларымен бөлісті.Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық. Отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, мейірімділік, қамқорлық пен өзара қолдау – берік шаңырақтың негізі.Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызы түсіндіріліп, ата-ананы құрметтеу, жақындарына қамқор болу және отбасы мүшелерін қадірлеу құндылықтары дәріптелді.Отбасы – бақыттың бастауы, жүрекке жылу сыйлайтын мекен, өмірдегі ең мықты тірек!
