Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттың айнасы. Әр халықтың өзіндік ана тілі бар. Тілді құрметтеу – өз халқыңды, тарихыңды және мәдениетіңді құрметтеу.Оқушыларға тілдің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, ана тілін құрметтеуге, өзге тілдерді үйренуге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту және тапқырлыққа тәрбиелеу мақсатында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл-ұлттық құндылығымыз» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді.Іс-шара барысында оқушылар тіл туралы білімдерін кеңейтіп, түрлі қызықты ойындар мен танымдық тапсырмаларға белсенді қатысты.
Іс-шараны Жанкаринова Айнур Масгутовнаның ұйымдастыруымен өткізді.
