.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу, ана тіліне деген құрметін қалыптастыру және көптілділікті насихаттау. Іс-шара барысында оқушылар тіл туралы өз білімдерін ортаға салып, түрлі тапсырмалар мен танымдық ойындарға белсене қатысты. Тілдің адам өміріндегі маңызы мен ұлттық құндылықтарды сақтау туралы ой-пікірлер айтылды
