Бүгін Қ.Камзин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына сәйкес «Денсаулық фестивалі – 2026» денсаулық күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығын нығайту, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұйымшылдыққа, белсенділікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Фестиваль барысында мектеп ауласында және спорт алаңында түрлі спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
