«Отбасы – бақыт мекені» жоспарына сәйкес мектепте оқушылардың қатысуымен саптық жиын өткізілді.Саптық жиын барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасылық құндылықтар, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік туралы айтылды. Оқушыларға отбасы – әр адамның жылуы мен қолдауын сезінетін, тәрбие мен мейірім қалыптасатын қасиетті орта екені түсіндірілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ананы құрметтеуге, үлкенді сыйлауға және отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
