Оқушылар өз шығармашылықтарын танытып, отбасының маңызын, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті, отбасылық құндылықтарды бейнелейтін түрлі суреттер мен жылы тілектерін ұсынды. Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар отбасы – әр адамның ең жақын әрі қымбат мекені екенін түсініп, ұйымшылдық пен белсенділік танытты.
