Қ. Қамзин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға діни экстремизмнің қоғамға тигізетін кері әсері, деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі, олардың ықпалына түсудің алдын алу жолдары туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар оқушыларға интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттарға сыни көзқараспен қарау, жалған діни ақпараттарды ажырата білу, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.
