«12 ай – 12 кітап» акциясы аясында Қанаш Қамзин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2-сынып оқушылары қоңырау үзілісінде мектеп кітапханасына саяхат жасады.
Іс-шара барысында оқушылар кітапхана қорындағы түрлі әдебиеттермен танысып, қызықты кітаптарды тамашалады. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, рухани дүниелерін байыта түсті.
📖 Кітап – білімнің қайнар көзі, ақылдың асыл қазынасы. Бүгінгі кішкентай оқырмандарымыздың кітапқа деген сүйіспеншілігі артып, кітап оқу дағдысы қалыптаса берсін!
