Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, олардың маңыздылығы мен қадір-қасиетін түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сайыс барысында оқушылар түрлі танымдық тапсырмаларды орындап, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар, оқушылар тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстар жасап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің суреттерін салды. Өз қиялдары мен шеберліктерін көрсете отырып, әдемі туындыларын ұсынды.
Сынып жетекшісі: Қазизова Шайзат Арыстанбековна.
