Кездесу барысында жергілікті учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Абдрахманов Мақсұт Бәкіжанұлы мен мектептің әлеуметтік педагогі 7–11-сынып оқушыларына құқықтық сауаттылық, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Оқушыларға заңға бағыну, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
