Қанаш Қамзин атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ЦППР жұмысының жылдық жоспарына сәйкес ата-аналармен «Баланы цифрлық әлемде қалай қорғауға болады?» тақырыбында тренинг элементтері бар ата-аналар жиналысы өткізілді.Кездесу барысында мектеп психологы ата-аналарға балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, кибербуллингтің алдын алу, интернеттегі қауіпті ақпараттар мен жағымсыз әсерлерден қорғау мәселелері бойынша маңызды ақпараттар ұсынды.Тренинг барысында ата-аналар түрлі практикалық тапсырмалар орындап, жағдаяттарды талқылап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар балалардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыруда ата-ананың рөлі, сенімді қарым-қатынас орнату және баланың интернеттегі әрекетін бақылаумен қатар, оған дұрыс бағыт-бағдар беру қажеттілігі атап өтілді.