Мектебімізде футбол үйірмесі өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.Үйірме барысында оқушылар футбол ойынының әдіс-тәсілдерін меңгеріп, допты алып жүру, пас беру, қақпаға дәл соққы жасау дағдыларын жетілдіруде.Жаттығулар арқылы жас спортшылардың шапшаңдығы, ептілігі, төзімділігі артып, командалық рухы қалыптасуда.