CHOCO DAY — ТӘТТІ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАҒАН КҮН!Қанаш Қамзин мектебінде оқушылар арасында көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоция сыйлау мақсатында «CHOCO DAY» тәттілер күні ұйымдастырылды.Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне шоколад ұсынып, тәтті сыйлықтар арқылы қуаныш пен жылулық сыйлады. Күн ерекше көңіл-күйге, күлкіге және жағымды сәттерге толы болды. 🍫✨Осындай шағын қуаныштар мектеп өмірін қызықты етіп, оқушылар арасындағы достық пен сыйластықты нығайта түседі!