Қанаш Қамзин атындағы орта мектептің 1-сынып оқушыларымен мектеп психологы К. Йираcек әдістемесі бойынша диагностикалық тестілеу жүргізді.Диагностиканың негізгі мақсаты – бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық дайындығын, танымдық қабілеттерін, ойлау ерекшеліктерін, зейінін және тапсырмаларды орындау дағдыларын анықтау.Тестілеу барысында оқушылар ұсынылған тапсырмаларды орындап, өздерінің білім деңгейлері мен жеке мүмкіндіктерін көрсетті.Жүргізілген диагностика нәтижелері оқушылардың мектепке бейімделу ерекшеліктерін анықтауға және алдағы психологиялық-педагогикалық жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді.