Мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» жобасы бойынша 5-7-сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесуді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразалина М.Д. мен әлеуметтік педагог Яхияқызы Ұ. ұйымдастырды.Іс-шара барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың түрлері, оның салдары мен заң алдындағы жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану, интернеттегі әдептілік ережелерін сақтау, кибербуллингке жол бермеу, жалған ақпарат таратпау және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауда сақ болу мәселелері қозғалды.