«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында мектебімізде «Мектеп – құрмет пен қауіпсіздік аумағы» тақырыбында жергілікті учаскелік инспектор Абдрахманов Б.М. қатысуымен танымдық іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың, буллингтің, қорқыту мен құқықбұзушылықтың алдын алу, өзара сыйластық пен құрмет, қауіпсіз орта қалыптастыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Инспектор оқушыларға құқықтары мен міндеттері, қауіпсіздік ережелері және кез келген қысым немесе зорлық-зомбылық жағдайында әрекет ету жолдары туралы айтып, маңызды ақпараттармен бөлісті.