Мектеп тарихы

1938 жылға дейін мектеп бастауыш, ал 1942 жылдан бастап орта мектеп болды. 1938 жылы В.В. Воровский атындағы Павлодар педучилищесін бітіргеннен кейін, туған жерлеріне мұғалім болып Кабылбеков Мажен Кабылбекович келді. 1942 жылы тамызда М. Қ. Қабылбеков жеті жылдық мектептің директоры болды.

 

1938 жылдан 2008 жылға дейін мектепті 3180 оқушы бітірді.

 

1965 жылы 480 орындық екі қабатты мектеп ғимараты салынды.

 

1966 жылдан Жолқұдық ауылындағы мектепке Қанаш Қамзин есімі берілді.

 

1942 жылдан жеті жылдық мектебінің директоры Қабылбеков Мәжен Қабылбекович болды.

 

Мәжен Қабылбеков аталмыш мектепте 58 жыл мұғалімдік қызмет атқарды, оның ішінде 54 жыл мектеп директоры болды. Мәжен Қабылбековтың осы еңбегі дала кетпеді. 2286 оқушы 7-8 сыныптық, 1424 оқушы орта білім алды.

 

1978-79 оқу жылында мектепте кабинеттік оқыту жүйесіне көшу аяқталды. Барлық оқу кабинеттері техникалық құралдармен және қажетті көрнекі құралдармен жабдықталды.

1991 жылы қосымша үш қабатты мектеп ашылды. 

 

1996 жылы Қанаш Қамзин атындағы орта мектебінің директоры Сара Рахымжанқызы болып тағайындалды.

 

В 1999 году школа за высокие показатели в учебно-воспитательном процессе получила грант Акима области.

 

2000 жылы шілденін 21-інде бәрәмізге ортақ жақын ұстазға Мәжен Қабылбеков Қабылбековичқа мектеп алдынан салтанатты түрде ескерткіш ашылды.

 

2002 жылы мектеп инновациялық көпмәдениетті мектеп мәртебесін алды.

 

Қанаш Қамзин атындағы мектеп мұржайы 2005 жылы ашылды. Мұражай жетекшісі –тарих пәнінің мұғалімі Рысбаева Гүлдана Қабдылжағыпарқызы.

 

2006 жылы мектеп 2005-2006 оқу жылындағы ҰБТ-дағы жоғары көрсеткіштері үшін қалалық білім бөлімінің дипломы мен сыйлығына ие болды.

 

2006-2007 оқу жылында 11 сынып оқушылары ауыл мектептері арасында ҰБТ-да үздік нәтиже көрсетті. Соңғы жылдары екі оқушы "Алтын белгі" аттестатын алды»

 

2008-2009 жылдар аралығында мектеп директоры Альмагамбетов Қайыржан Сағынтайұлы мектеп директордың қызметін атқарды.

 

2010-2013 жылдар аралығында мектеп директоры Магазов Дастан Аманбаевич директордың қызметін атқарды.

 

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Қ. Қамзин атындағы орта мектебінің басшысы Канаева Кульбаршин Мухомеджанқызы.