Жиналыстың негізгі мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру, білім алушылардың білім жетістіктерін жақсарту және тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету.
Күн тәртібінде оқу үлгерімі мен білім сапасын бақылау, сабақтардың жүргізілу барысы, оқушылардың сабаққа қатысуы, мектептегі тәртіп пен тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы мәселелері қарастырылды.
Жиналыс барысында мектептің оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, оқушылардың жауапкершілігін арттыру және білім беру сапасын жақсарту бағытында нақты тапсырмалар беріліп, алдағы міндеттер айқындалды.
