Skip to content
Қ.Қамзин атындағы мектеп

Қ.Қамзин атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Мектеп әкімшілігі
  • Байланыс
  • Русский

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Жаңалықтар, Тәрбие беру жұмысы

Мектебімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылармен кездесу барысында учаскелік полиция қызметкері Е.А.Ашимханов профилактикалық әңгімелер жүргізіп, қауіпсіз мінез-құлық ережелері, қолданыстағы заңнама нормалары және құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары туралы түсіндірді.

Сонымен қатар буллинг пен кибербуллингтің түрлері, олардың зардаптары және алдын алу жолдары талқыланды. Оқушыларға бір-бірін құрметтеу, өзара сыйластық таныту, өзгелерді кемсітпеу және қорлау жағдайларына бейжай қарамау қажеттігі түсіндірілді.

Балалардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Оқушыларға қоғамдық орындарда, жолда, мектепте және интернет желісінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауда сақ болу және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылудың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Осындай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, өзара құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыруға және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қанаш Қамзин атындағы орта мектеп (@k_kamzin_mektebi)

Навигация по записям

❮ Previous Post: 2026 жылғы 15 қазанда мектеп директоры Қ.Б. Шайгазиннің төрағалығымен мектеп әкімшілігінің қатысуымен жиналыс өткізілді

Мектеп жұмысы

  • 2026-2027 оқу жылын ұйымдастыру
  • Аттестация құжаттары
  • Ашық бюджет
  • Мектеп психологы
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Нормативті құжаттар
  • Тәрбие беру жұмысы
    • Үйірмелер мен секциялар
    • Бағдарламалар, жоспарлар
    • Адал азамат
    • Адал ұрпақ
    • Жыныстық тәрбие
    • Жемқорлыққа жол бермейміз!
  • Асхана
  • Бос орындар
  • Қамқоршылық кеңес
  • ҰБТ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

Copyright © 2026 Қ.Қамзин атындағы мектеп.