Отырысқа мектеп директоры Қ.Б.Шайгазин, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, әлеуметтік педагог Ұ.Яхияқызы қатысты.
Отырыс барысында төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:
1. 1-сынып оқушылары арасынан әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларының қала әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысатын тізімін бекіту.
Аталған мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ұ.Яхияқызы оқушылардың әлеуметтік жағдайына жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырып, тиісті құжаттарды кеңес мүшелерінің назарына ұсынды.
Құжаттар жан-жақты қаралып, ұсынылған үміткерлердің тізімі талқыланды. Кеңес мүшелері балалардың әлеуметтік қолдау алу мүмкіндігін ескере отырып, ұсынылған тізімді бекіту жөнінде шешім қабылдады.
2. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектеп асханасының жұмысын тексеру.
Жоспарға сәйкес бракераж комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тазалығы, тамақ өнімдерінің сақталуы, дайындалатын тағамдардың сапасы мен оқушыларға ұсынылу тәртібі назарға алынды.
Комиссия мүшелері асхана жұмысының белгіленген санитарлық талаптарға сәйкестігін зерделеп, оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Балалардың әлеуметтік жағдайын ескеру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы білім алу ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
