Мақсаты: Білім алушылардың ыстық тамақпен қамтылу сапасын бақылау, тағамның сапасын бағалау және санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау.
Тексеріс барысында бракераж комиссиясы төмендегі бағыттар бойынша бақылау жүргізді:
1. Күнделікті тағам үлгілерінің сақталуын;
2. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімін;
3. Асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасын және арнайы киімдерінің болуын;
4. Асхана залының тазалығы мен санитарлық жағдайын.
Тексеру қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жоқ. Тексеріс нәтижесі бойынша тиісті акт толтырылды.
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіз тамақтануы – басты назарда!
