7 «А» сыныбында «Дос болайық – бірге жасайық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне құрметпен қарауға, сыйластыққа, мейірімділік пен өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.Сабақ барысында оқушылар достықтың маңызы туралы ой бөлісіп, достықтың қадірін түсінуге бағытталған қызықты тапсырмалар орындады. Өзара пікір алмасып, татулық пен бірліктің маңыздылығын түсінді.Достық бар жерде – бірлік бар!