9 «А» сыныбында «Дос болайық – бірге жасайық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты – оқушылар арасында достық пен өзара сыйластықты нығайту, бірлікке, татулыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақ барысында оқушылар достықтың құндылығы туралы ой бөлісіп, шынайы достықтың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар бір-бірін құрметтеу, қолдау көрсету және кез келген жағдайда түсіністік танытудың маңызын түсінді.Достық – сыйластық пен сенімнен басталады!