Кездесу барысында орын алған жағдайлар ашық талқыланып, оқушылардың мінез-құлқы, мектептің ішкі тәртіп талаптарын сақтау, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі мәселелері қарастырылды.
Ата-аналарға орын алған жағдайлар мен олардың ықтимал салдары түсіндіріліп, бала тәрбиесінде ата-ана бақылауы мен мектеп тарапынан жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
