Мектебімізде әлеуметтік педагог Яхияқызы Ұ. 9–11 сынып оқушылары арасында бопсалау (вымогательство) фактілерінің алдын алу мақсатында сауалнама жүргізді.Сауалнаманың мақсаты – оқушылар арасында бопсалау, қорқыту, ақша талап ету жағдайларын анықтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және мектептегі қауіпсіз ортаны қалыптастыру. Сауалнама барысында оқушылардың пікірлері мен жауаптары жинақталып, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына назар аударылды.